Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Байқау жеңімпаздары анықталды

Байқау жеңімпаздары анықталды

Zhubanov University студенттерінің арасында өткен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы жобалар мен бейнероликтер конкурсының қорытындысы шықты. Конкурсқа жобалар бойынша 5 команда және бейнероликтер бойынша 3 команда қатысты.

Байқау жұмыстарын «Antikor ortalygy», Жұбанов университеті, облыстық жастар саясаты басқармасы мен «Аңсар байғанин» ҚБ өкілдері қатарынан  құрылған қазылар алқасы сарапқа салып, жеңімпаздарды анықтады.

“Үздік жоба” номинациясы бойынша бірінші орынды  “TAZA OI”, екінші орынды “Жобалау-зерттеу жұмыстары”, үшінші орынды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы ақпараттық буклеттер» жобасы иеленді.

“Үздік бейнероликтер” номинациясы бойынша бірінші орын «SENIM» командасына, екінші орын  “Саналы ұрпақ” клубына берілді.

Жеңімпаздарға  «Технодом» дүкендер желісінің бағалы сыйлық карталары табыс етілді. Қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.