Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігі (ARQA) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2021 жылғы 12-15 қазан аралығында дәстүрлі форматта өтеді (of-line).
Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:
· 6В04101-Экономика
· 7М04101-Экономика
· 8D04101-Экономика
· 6В04103-Есеп және аудит
· 6В04104-Қаржы
· 6В04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару
· 7М04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Аталған рәсімді агенттіг тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырады. Жетекшісі: Тлеубердинова Айжан Тохтаровна (ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМҚК). Шетелдік сарапшы: Шваков Евгений Евгеньевич («Алтай мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖБ). ARQA өкілі: Кудерина Айжан Ермековна (ЖОО аккредиттеу департаментінің директоры).
Сарапшылар: Калыков Абай Кобландиевич (Astana IT university), Султанова Замзагуль Хамитовна («Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ), Дюсембекова Жанар Маратовна (Нархоз университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Шунукова Татьяна Викторовна («СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, Еңбек ресурстары департаменті директорының орынбасары). Сарапшы-Студент: Серебаева Кенжегуль Алпамысовна (Бәйішев университеті).
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.