Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Өзге тілдің бәрін біл…»

«Өзге тілдің бәрін біл…»

Үш тілді еркін меңгерген ақтөбелік жастар сайысқа түсті.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, патриотизмді нығайтуға  бағытталған шараға 15 ақтөбелік жас қатысты. Олар арнайы берілген тақырып бойынша үш тілде эссе жазып, қойылған сұрақтарға үш тілде жауап берді.

— «Тілдарын» қалалық байқауы «Мемлекеттік тіл — ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында өткізіліп отыр. Өзіміздің ана тілімізбен қатар, халықаралық орыс, ағылшын тілдерін меңгеру — заман талабы. Ақтөбе қаласында да көптілді меңгерген жастар баршылық. Осындай жастарды анықтап, оларды қолдау мақсатында бүгінгі сайысты ұйымдастырып отырмыз, — дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жазира Бақытжанова.

Байқауға қатысушылардың жұмысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушылары мен тіл мамандары қазылық етті.

Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, ал жеңімпаздарға арнайы қала әкімінің дипломы мен бағалы сыйлық табысталды.

 

 Ақерке САТЫБАЛДЫ

 

/aqtobegazeti.kz/