Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университетінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Жұбанов университетінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

«Жақсылық жасауды өзіңнен баста» деп ұрандатып жүрген Жұбанов жастары өз замандастарын қолдау мақсатында «Шабыт» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде аниме тауарлар, шұлықтар, бисерден жасалған зергерлік бұйымдар және құттықтау қағаздары сатылымға қойылған. Одан жиналған қаражат осы оқу орнының 4-курс студенті Айя Спамбетоваға қол арба алып беруге жұмсалады. Айя Спамбетова сурет салу өнері бойынша бірнеше байқаулардың жүлдегері. Жиырма жастағы шебердің суреттерін қаладағы көрмелерден тамашалауға болады. Мүгедек арбасына таңылған ол шеберлігін шыңдауды тоқтатқан емес. Ал Жұбанов университетінің белсенділері өздерінің құрбысына материалдық қолдау көрсету мақсатында бүгін жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңке таңертең сағат 10-нан түске дейін созылды. Әртүрлі заттарды сататын 6 дүкеннен тауарлар сатылымға қойылды. Университеттің бас ғимаратына кіре берісте жайылған жәрмеңке көптің қызығушылығын оятты. Жоғарғы оқу орнында мұндай шаралар жиі өтіп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге барымызша көмектесеміз, дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылар.

/www.rikatv.kz/