Вторник, Октябрь 26, 2021
Басты > БАҚ біз туралы > Жүйелі реформаларға тың серпін

Жүйелі реформаларға тың серпін

Жанар СМАХАНОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  аға оқытушысы,

тарих магистрі, PhD-докторант.

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз еліміздің тарихына енген жыл сайынғы жолдаулары мемлекет дамуына тың серпілістер бергені баршаға аян. Осы бір үрдіске үйренген халық әр Жолдауды асыға күтеді. Өйткені Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың үні, әлеуметтік жағдайы мен ел дамуының болашағы жатыр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының Білім күніне орайластырылып 1 қыркүйекте жариялануы да тегін емес. Биылғы жаңа оқу жылында білім ордаларымыз карантиндік талаптарды сақтай отырып, есіктерін қайта ашты. Пандемия жағдайындағы оқу үдерісі білім саласындағы көптеген мәселелер өз шешімін күтіп тұрғанын көрсетті. Биылғы Жолдау осы аталған мәселелер бойынша келелі шешімдерге жол сілтер бастама болды. Мемлекет басшысының «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп атап көрсетуі де қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарына  барлық адамдардың білім алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету екенін көрсетті.

Қоғамдық сананы ояту бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар білім беру тетіктерін жақсарту, инновацияларды барынша тарту, адами капитал сапасын көтерумен қатар, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды алдыңғы орынға шығарып, «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет» деп Жолдауда атап көрсетіп, мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керектігін айтып, арнайы тапсырма бергені де қуантты. Қазіргі мұғалім замана көшінен бір қадам алда жүретін озық ойлы, мейірбан, үлкен жүрек иесі бола білуі арқылы қоғамда өз орны мен әлеуметтік мәртебесін анықтайтынын осы Жолдаудағы білімге қатысты көтерген мәселелерден байқауымызға болады.

 

/aqtobegazeti.kz/