Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Үйрен-бөліс» жобасы бастау алды

«Үйрен-бөліс» жобасы бастау алды

Жоба «Назарбаев зияткерлік мектебімен» серіктестікте жүзеге асатын болады. Оған физика, математика, информатика, биология, химия және шетел тілдері мамандықтарынан іріктелген 60 студент қатысуда. Олар тағылымдамадан өту кестесіне орай аптаның белгіленген күнінде «Назарбаев зияткерлік мектебіне» барып, сабақтарға, коучингтерге қатысып, жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасау мен ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, тағылымдамадан өтеді.

«Үйрен-бөліс» жобасын ұйымдастырушылар және оған қатысушылармен оқу ісі жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Бибігүл Сейілқызы Әбенова мен «Қосымша білім беру» орталығының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Айболған Кенжеғұлқызы Кенжеғұлова кездесіп, жобаның сәтті өтуі үшін бағыт-бағдар берді.

Қараша айынан басталған бұл жоба оқу жылы бойына жалғасады.