Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қаламгерлер жастармен кездесті

Қаламгерлер жастармен кездесті

«Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық әдебиет форумы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірнеше кездесу өткізілді.

Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағы мүшелері студенттермен, оқырмандармен кездесіп, әдебиет, қоғам туралы пікірлесті. Университеттің лекция залдарында — Әбіш Кекілбаев, Тілеу Айтұлы, Ахмет Жұбанов, Тахауи Ахтанов залдарында — поэзия, проза, әдеби басылымдар секциялары ұйымдастырылып, ақын-жазушылар, қаламгерлер әр залға бөлінді. Мәселен, Тілеу Айтұлы кабинетінде ақын, публицист Мейірхан Ақдәулетұлы болашақ педагогтермен кездесіп, ұзтаздар нағыз зиялы тұлға болуы керектігін, қазақтың білімді ұлт ретіндегі болашағы ұстаздардың қолында екенін жастарға түсіндірді. Сонымен бірге қазақ тілі, әдебиет мәселелері туралы да айтылды. Поэзия, проза секцияларында жастармен кездескен Жұмабай Шаштайұлы, Қасымхан Бегіманов, Бауыржан Халиолла, Нұрлыбек Қалауов, Талғат Тілеулес, Гүлімай Қуанышева, Мирас Мұқаш, Ершат Қайболдин, Нұрлыбек Жұбатқан секілді ақын-жазушылар әдебиеттің бүгінгі мәселелері, жас қаламгерлерді қолдау, жаңа заман әдебиетінің ерекшеліктері туралы пікірлесіп, өлеңдер оқыды.

 

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ

 

/aqtobegazeti.kz/