Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер жаңадан аударылған кітаптармен танысты

Студенттер жаңадан аударылған кітаптармен танысты

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында философия, саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану пәндері бойынша жаңадан қазақ тіліне аударылған кітаптар студенттерге таныстырылды. Бұл кітаптар әлемнің үздік университеттерінің оқыту жүйесінде  кеңінен қолданылып келе жатқан оқулықтар.

Жиын барысында кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин, философия магистрі Айнұр Ешниязова, философия магистрі Ерболат Жарасбаев, философия магистрі Ақниет Тәуірбай аталған кітаптар жайында баяндама жасады. Баяндамашылар білім алушыларға оқулықтар жөнінде кеңінен мәлімдеп, сонымен бірге бұл жобаның ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың ұлт болашағы үшін жасаған ең үлкен инвестиция екендігіне тоқталды. Олар студенттердің оқулықтар мазмұнына қатысты қойған сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, шара барысында ғылыми кітапхана директоры Илия Мазылбекова  университеттің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толығып отырғандығын, соның ішінде осы жоба аясында жарық көріп отырған кітаптардың электронды қол жетімділігін де айтып өтті.

Шараны университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы ұйымдастырды.