Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филологтар пәндік олимпиада ұйымдастырды

Филологтар пәндік олимпиада ұйымдастырды

Жақын күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетінде  «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерінен 9-11 класс оқушылары арасында  онлайн түрінде интернет олимпиада ұйымдастырылды.

Пәндік олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – мектеп түлектерінің  теориялық және практикалық білім сапасын анықтау, шығармашылық өсуін қолдау мен белсенділіктерін арттыру, ой-қабілеттерін дамыту және оларды қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мамандығына кәсіби бағыттау еді.

Аталмыш шараға  Ақтөбе қаласындағы  №8,9,17,22,27,51,56,32,60 мектептерінің 9,10,11 класс оқушылары, Атырау облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысындағы мектептерден 100-ге жуық мектеп оқушылары онлайн түрде тіркелді. Онлайн-тест нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласындағы № 32 мектеп-гимназияның 11 класс оқушысы Аружан Төребекқызы, № 51 мектеп-гимназияның 11 класс оқушысы Мөлдір Жапарғали, № 56 орта мектептің 11 класс оқушысы Аяулым Арыстанғалиқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен тест тапсырған № 17 орта мектептің 9-класс оқушылары Ангелина Лукьянова, Аружан Кұлмағамбетова, Ангелина Гончаренко өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Олимпиадаға  онлайн тіркелген мектеп оқушылары  1-тур бойынша қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, тарих пәндерінен Онлайн-тест тапсырып, тиісті балл жинаған оқушылар 2018 жылдың 10 қаңтар айында болатын турға жіберілді. Пәндік олимпиада алдымыздағы жылдың наурыз айында қорытындыланады.