Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті «Заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес және құқықбұзушылық түрлерінің алдын алу» тақырыбында кездесулер апталығын ұйымдастырды.
Экономика және құқық факультетінің оқытушылары студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы, құмар ойындарының салдары жөнінде сөз қозғалды.
Кездесулер барысында отандық режиссер Қанат Бейсекеевтің «Легкие деньги/Ставки/Капперы/Блогеры/Пирамиды» тақырыбындағы деректі фильмі көрсетілді. Шараға мыңнан аса студент қатысты.