Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті ІІІ Нобель фестиваліне қатысады

Жұбанов университеті ІІІ Нобель фестиваліне қатысады

Еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы, G-Global Халықаралық хатшылығы және Инклюзивті даму қоры 26-29 қазан аралығында III Nobel Fest өткізеді. Фестиваль Дүниежүзілік Ғылым күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Жұбанов университеті екінші рет Нобель фестиваліне қатысқалы отыр.

III Нобель фестивалінің аясында оқытушылар, студенттер мен ғалымдар түрлі кездесулер мен мастер-класстарға қатыса алады. Олар ғұлама тұлғалардың өз аузынан адамзаттың дамуы  үшін қажет болатын тың үрдістер мен соңғы ғылыми  жаңалықтар және заманауи білімнің мән маңызы  жайында біле алады. Нобель сыйлығы лауреаттарының инновация, химия, физика, космология, экономика, білім мен технология салаларындағы арнайы дәрістер топтамасы барысында осының бәрін білу мүмкіндігі туады.

III Nobel Fest-ке 40000-нан астам қатысушы, 4 Нобель сыйлығының лауреаты және 2 «Серпіліс» сыйлығының лауреаты, сондай-ақ, әлемге әйгілі бірқатар сарапшылар қатысады деп жоспарланған.

Фестивальге қатысушылар тізімінде «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» халықаралық бестселлерінің авторы Юваль Ной Харари, Renault Group бас ғалымы және Siri құрушысы Люк Джулия, израильдік Силикон алқабының негізін қалаушы, ірі инвестор, «Our Crowd» бас директоры Джонатан Медведь және т.б. бар.