Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбелік ғалым зерттеулері әлемдік басылымда жарық көрді

Ақтөбелік ғалым зерттеулері әлемдік басылымда жарық көрді

Жақында Жұбанов университетінің профессоры Дәулет Сергеевтің зерттеулері жетекші «Advances in Nano Research» (Нанозерттеулер саласындағы жетістіктер) ғылыми журналында жарияланды. Оңтүстік Корея басылымы ғылыми ортадағы ең жоғары рейтингке ие.

«Материалдардың радиациялық физикасы» орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев: «Бүгінгі таңда бұл Қазақстанның ғылым саласындағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай ғылыми басылымдар орташа зерттеулерді қабылдамайды. Олар нанотехнологияда қолдануға болатын шынымен серпінді жұмыстарды жариялайды.  Сонымен қатар, бұл мақаланы ғалымдар тобы емес, бір автор жазған, бұл да жұмыстың құндылығын арттырады. Дәулет Сергеев 39 жасында өзінің кәсібилігін әлемдік деңгейде дәлелдеген ғалым», — дейді.

Дәулет Сергеевтің зерттеулері нанотүтікшелердің қасиеттерін зерттеуге негізделген. Ол өзінің ғылыми қызметін «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығында жүргізеді. Жас ғалым шамамен 37 ғылыми жарияланымның авторы.