Понедельник, Август 15, 2022
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды

Университет студенттері шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды

Жуырда Жұбанов университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды.

Нақтылай кетсек, 2 және 3 курс студенттері семестрлік оқуын Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде, Польшаның Слупск қаласындағы Помор академиясында, сондай-ақ Қазан федералдық университетінде және Башқұрт мемлекеттік университетінде бастады.

Университет студенттеріне жолға шығар алдында арнайы заңгермен, студенттік емхананың өкілдерімен және басқа да мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, құқықтық аспектілер бойынша бірқатар мәселелерді түсіндірілді.

Алдағы айларда жұбановшылар шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу және ұлтаралық қарым-қатынас тәжірибесін жинақтай алады.