Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Белсенді еріктілер марапатталды

Белсенді еріктілер марапатталды

Бүгін  Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» форумы өткізілді.

Форум қорытынды жасап, жұртшылықты құқықтық тәртіпті қорғауға және қоғамда құқықбұзушылыққа «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға байланысты әрі қарайғы жоспарларды талқылайтын диалог алаңына айналды. Форумға өңір басшысы Оңдасын Оразалин, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат хатшылары, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері, облыстық Қоғамдық кеңес өкілдері, облыстың жоғарғы оқу орындарының, ұйымдар мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Форум барысында  құқық бұзушылықтың алдын алуға ат салысқан үздік еріктілер, облыстық «Жас сақшы» жастар жасағының 5 мүшесі алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.   Олардың қатарында Жұбанов университетінің студенттері де бар.

Салтанатты шарада облыс әкімі Оңдасын Оразалин университетіміздің «Бизнес әкімшілік» мамандығының 2 курс студенті  Әсел Базарбай  мен «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті,  «Жас сақшы» еріктілер тобының мүшесі Әсем Аяуованы құқық бұзушылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі мен азаматтық белсенділігі үшін Алғыс хатпен және  қаржылай сыйақымен марапаттады. Сондай-ақ Әсем Аяуова «Құқық бұзушылықтың алдын алуға белсене қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік,  Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан «Жас сақшы» жасақтары волонтерлық тобы 2018 жылдыңы 24 тамыз айында құрылған болатын.

Қазіргі таңда топта  оқушылар, студент жастар және жұмысшы жастардан құралған 30-дан астам еріктілер бар.