Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Белсенді жастар марапатталды

Белсенді жастар марапатталды

Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жастарды марапаттады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен студенттер қатысты. Ал аталған шараның өтуіне атсалысқандардың бірі — Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Хайдар Ілиясов.

— Өткен жыл елімізде Волонтерлар жылы ретінде аталып өткені белгілі. Сондай-ақ дәл сол жылы елімізде пандемия басталды. Ел басына қиын күн туған кезде волонтерлардың жасаған еңбегі зор болды. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы мерейлі жылды ескере отырып, жастардың басын қосып, бірлікке бастап, еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген қыз-жігіттерді марапаттауды жөн көрдік. Бүгін облыстың әр саласында жүрген  70 жасқа арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды, — дейді облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының төрағасы Жандос Табылғанов.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ

 

/aqtobegazeti.kz/