Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өрт қауіпсіздігі — басты назарда

Өрт қауіпсіздігі — басты назарда

Бүгін университеттің Н.Байғанин атындағы оқу  ғимаратында өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Мұнда қаладағы №4 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жедел қимылдап, апаттың алдын алуға қабілетті екендіктерін көрсетті.

Ғимараттағы қызметкерлер мен білім алушылар дабыл қосылғаннан кейін жылдам сыртқа шықты. Бұл олардың өрт болған жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтағандарын білдіреді. Олардың барлығы  ғимараттың арнайы жиналатын орнында сапқа тұрғызылды.

Университеттің төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Вадим Ишкеновтің  айтуынша, басты мақсат — өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу.

«Дұрыс және уақтылы эвакуациялау біздің білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады, сондықтан өрт кезінде адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізуге ерекше көңіл бөлінеді», -дейді В.Ишкенов.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде күштік құрылымдар өздеріне жүктелген мақсат-міндетті ойдағыдай орындап, кез-келген қауіп-қатерге төтеп беруге әзір екендіктерін тағы бір дәлелдеді.