Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жастар саясаты > Мектеп оқушыларымен кездесті

Мектеп оқушыларымен кездесті

Жұбанов университетінің пікірсайысшылары оқушыларды дебат қозғалысымен таныстыруды жалғастыруда. Бұл ретте «Zaman Bizdiki» клубы оқушылармен кездесу ұйымдастырып, оған қаланың барлық мектептерінің өкілдері қатысты.

Кездесуде студенттер пікірталастың маңызды аспектілері мен американдық парламенттік пікірсайыс форматының ережелері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ олар ойынның құрылымын көрсетіп,  пікірталастың ерекшеліктері  туралы сөз қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұбанов университетінде төрт жүзден астам студенттің басын қосқан 5 пікірсайыс клубы бар.  Барлығы да облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, «Көшбасшылық мектебі», «Кітап оқитын ел – кітап оқитын ұлт» жобаларын жүзеге асырып жатқан университеттің студенттік парламентінің мүшелері. Тәжірибелі пікірсайысшылар облыстағы 36 мектеп оқушыларымен, оның ішінде он екі ауылдық мектептің оқушыларымен кездесті.