Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет түлегі проректор лауазымына тағайындалды

Университет түлегі проректор лауазымына тағайындалды

Жұбанов университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор лауазымына Мұханбетқалиев Есбол Есенбайұлы тағайындалды.

Бұл туралы бүгінгі университеттің проректорлары, департамент және құрылым басшылары қатысқан жиында Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова мәлімдеді.

Ректор жаңа басшыны жиналғандарға таныстырып, Есбол Есенбайұлының еңбек жолына қысқаша тоқталып өтті.

Мұханбетқалиев Есбол Есенбайұлы — философия ғылымдарының кандидаты, Жұбанов университетін «Философия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003-2005 жылдары  Жұбанов университетінің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы, 2005-2015 жылдары «Саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, 2015-2017 жылы  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, 2017-2021 жылдары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің «Философия» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған, -деді Л.Қарабасова.

Басқарма төрағасының айтуынша, Е.Мұқанбетқалиев 2017 жылы Альчиде де Гаспери  атындағы Евроөңірлік экономика университеті (Польша Республикасы, 2017 жыл) сынды әлемнің үздік ЖОО мен білім беру ұйымдарынан педагогикалық және ғылыми тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ, 2020 жылы Андраши университетінде (Венгрия елінде, 2020 ж) гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен.

Есбол Есенбайұлы — гуманитарлық ғылымдар  саласы бойынша республикалық деңгейдегі білім беру ұйымдарында тұрақты эксперт,  «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі» иегері және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  ЖОО арасындағы «Үздік жас ғалым» конкурсының жеңімпазы, 15 оқу-әдістемелік жұмыс, 2 оқу құралы, 1 монография және 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы. Соның ішінде, Web of Science, Scopus базасындағы журналдарда Q1, философия саласында 3  мақала, 96 процентиль жарық көрген.