Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Географияны оқытудың әдістемелеріне арналған онлайн семинар

Географияны оқытудың әдістемелеріне арналған онлайн семинар

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің оқытушылары G-mail.com ақпараттық платформасының негізінде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Географияны оқытудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық онлайн семинарына қатысты.

Онлайн семинар барысында  М.В.Ломоносов атындағы ММУ доценті, г.ғ.к. О.А.Климанова, ҚазМҚПУ профессоры, г.ғ.к. К.Н.Мамирова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ доценті, п.ғ.к. Н.Н.Мерхайдарова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, г.ғ.к. В.И.Амельченко,  ҚХР университетінің оқытушысы  Ж.М. Смановалар баяндама жасады.

Баяндамаларда Қазақстанның географиялық білім мазмұнының  халықаралық стандартқа байланыстылығы, географияны оқытудағы инновациялық технологиялар, орта мектептегі географияны оқыту мәселелері қарастырылып, жиналғандар тарапынан талқыға салынды.

Географияны оқытудағы өзекті мәселелерді талқылауға университетіміздің география кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. доцент Г.Т.Кубесова, т.ғ.к. Г.Ж.Сулейменова, т.ғ.к. Ж.А.Ганибаева, т.ғ.к. А.М.Еспенбетова, аға оқытушы  Н.Есетов, география мамандығының 4-курс студенттері де қатысып, семинардан тәжірибе жинақтады.