Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа технологиялық мүмкіндіктер түсіндірілді

Жаңа технологиялық мүмкіндіктер түсіндірілді

Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында тергеу изоляторында жаза мерзімдерін өтеп жатқан сотталғандарға оқыту семинары өткізілді.

Семинар онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Шараның модераторы  техника ғылымдарының магистрі Н.Наурызбаева болды.

«ХХІ ғасырдың технологиялық трендтері» тақырыбында өткізілген дәрісте «Электрондық үкімет қызметтерін пайдалану», «Қашықтықта отырып ЭЦҚ алу», «Gmail.com бұлттық сервисінің мүмкіндіктері», «Mail.ru электрондық поштамен тиімді жұмыс», «Интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалану», «Facebook, twiter, instagram, youtube, telegram каналдарына қосылу», «youtube каналын ашу және видеолар жүктеу» мәселелері жайында кеңінен ақпараттар берілді.

Жұбанов университетінің Үздіксіз білім беру институтының директоры Гүлбану Такишева оқыту семинарына қатысқан он жеті жазасын өтеп жатқан сотталғандарға сертификат табыстады.