Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті

Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті.

Кеңес жұмысы жағымды жаңалықтармен басталды. Университет ректоры Лаура Қарабасова физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Асқарбек Иманчиевке «Математика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілген куәлікті, сондай-ақ, қосдипломдық білім беру негізінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дипломдарын  Ақылбек Қонысовқа  салтанатты түрде табыс етті.

«Қабақ баба» қорының төрағасы Амантай Үмбетай Қабақ Айтұлы атындағы арнаулы стипендия иегерін марапаттады. Бұл сыйақыға кәсіби-шығармашылық факультетінің 2-курс студенті Саламат Жалғасов лайық деп танылды. Ал Айшуақ орта мектебінің 1980 жылғы түлектері атынан арнайы сертификатты кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаровтың қолынан филология факультетінің 2-курс студенті Гүлімжан Өтешова алды.

Кеңес мәжілісі барысында университет басшысының  жақында ғана жаңа қызметке тағайындалған Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер бойынша проректоры Айнұр Сейітқан мен Басқарма мүшесі-Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиевті ғылыми кеңес құрамына қабылдау туралы ұсынысын жиналғандар бірауыздан қолдады.

Кеңестің күн тәртібінде Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова стратегиялық жоспардың орындалуы аясында Жұбанов университетінің 2020-2021 оқу жылындағы қызметінің қорытындысы және 2021-2022 оқу жылына арналған міндеттері жайында баяндама жасады.

Алдымен оқу орда басшысы Жоғары оқу орындарының бас рейтингінде Жұбанов университетінің төртінші орындағы позицияны ұстап тұруы университет ұжымының осы кезге дейін атқарған жұмыстарының нәтижесі екендігін атап өтті.

Университет ректоры академиялық сапалы білім беру мәселесіне тоқталып, профессор-оқытушылық құрамды жаңа сапалық деңгейге көтеруді алға тартты. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету және университет менеджментін жетілдіру жайына тоқталды. Сонымен бірге оқу орда басшысы университеттің ғылыми әлеуетін көтеру мәселесіне де баса назар аударды. Ғылыми зерттеулерді дамыту және тиімділігін арттыру, ғылыммен айналысатын оқытушыларға жағдай жасау жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экожүйе бағыттары бойынша да сөз сөйледі. Сондай-ақ, Лаура Шапайқызы университеттің алдағы жоспарлары жайында айтты.

Кеңес отырысында кәсіби бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің басшысы Рауан Жалтырбаева Жұбанов университеті білім алушыларының контингентін қалыптастыру туралы, сонымен қатар  ағымдағы оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының қорытындысын талқылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры Нұргүл Жантурина магистранттардың диссертациялық зерттеулері бойынша тақырыптарын, ғылыми жетекшілері мен рецензенттерін бекіту туралы мәселені күн тәртібіне шығарды.

Ғылыми кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келіп, арнайы қаулы қабылдады.