Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Уфада білім алып жатыр

Уфада білім алып жатыр

Жұбанов университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдің белді жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастырып жатыр. Ағымдағы оқу жылынан бастап «Математика-физика» мамандығының 3-курс студенті Құралай Мұсағалиева мен «Информатика» мамандығының 2-курс студенті Ақжол Қыдырбаев Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік университетінде білімін жетілдіруде.

—  «Математика және IT» факультеті білім сапасы бойынша жоғары деңгейде білім береді, халықаралық стандартқа сай. Профессор-оқытушылар құрамы әр сабақ сайын жаңа әдістер қолданып тақырыптарды түсіндіреді. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген студенттерге университет тарапынан білім алуға барлық жағдай жасалған, — дейді олар.

Башқұрт мемлекеттік университеті Ресейдің ең сұранысқа ие 20 жоғары оқу орнының құрамына кіреді. Университетте білім беру 4 институт пен 10 факультетте жүргізіледі. Сонымен қатар 57 шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара байланыста, олардың қатарында  Қазақстан да бар.