Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белгілі шығыстанушы ғалым тәжірибесімен бөлісті

Белгілі шығыстанушы ғалым тәжірибесімен бөлісті

Белгілі деректанушы-арабист, исламтанушы Әшірбек Муминов Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және тарих факультетінің студенттеріне семинар-дәріс өткізді.

Сонымен қатар семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің және республиканың түрлі Ғылыми зерттеу институтының  ғылыми қызметкерлері қатысты.

Профессор «Орталық Азиядағы ислам өркениетін зерттеудегі жаңа мүмкіндіктер» атты баяндамасында қасиетті аңыз сияқты күрделі дереккөзді ғылыми талдауға тарту, оны зерттеу әдістемесіне, салыстырмалы талдауды қолдануды кеңейтуге және пәнаралық тәсілдерді қолдануға қатаң талаптар қоятынын атап өтті.

Маңызды дінтану зерттеулерін жүргізу, кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдерін түсіндірді. Ол сондай-ақ, семинарға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында кафедра меңгерушісі, профессор Гүлбану Избасарова спикерге мазмұнды баяндамасы үшін алғыс білдірді.