Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетел ғалымы дәріс береді

Шетел ғалымы дәріс береді

«Робототехникада программалау» пәні бойынша болашақ мамандар оқытудан өтеді. Дәрісті Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің доценті,  техника ғылымдарының кандидаты Александр Филипас физика-математика факультетінің студенттеріне онлайн өткізеді.

Бұл Жұбанов  университеті мен Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр.

Сонымен қатар, ресейлік ғалымның жетекшілігімен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Информатика» мамандықтарының магистранттары диссертация қорғауға дайындалуда.