Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Өмір бойы бір диплом сценарийі енді маңызды емес – Білім министрі

Өмір бойы бір диплом сценарийі енді маңызды емес – Білім министрі

Қазақстанда Еуропалық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарт енгізілуде. Өткен жылы ұлттық біліктілік шеңбері Еуропалық біліктілік шеңберімен өзін-өзі сертификаттау рәсімінен өтті. Енді осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының дипломдарын Еуропада танылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Бұл жайында бүгінгі Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов баяндама барысында академиялық саясат бағыты жайлы да сөз қозағады.

«Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мақсатында университеттерге академиялық және атқарушы дербестікті бердік. Осыған орай, олар министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына білім беру бағдарламаларын дайындағанда жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алатын болды. Тиісінше, жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9 371 бағдарлама әзірленді. «Төртінші индустриялық революцияға» байланысты әлемдік еңбек нарығында негізгі проблемалардың бірі дағдылардың тез ескіруі болып саналады. Өмір бойы бір диплом сценарийі енді маңызды емес. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады», деді министр.

/egemen.kz/