Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2021 жылғы 17-18 қараша аралығында дәстүрлі форматта өтеді (of-line).

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6В07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 6В07104-Экоэнергетика
  • 6В07201-Тау-кен ісі
  • 6В070202-Мұнай-газ ісі
  • 6В07207-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • 6В07301-Құрылыс
  • 7М06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 7М07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 7М07201-Тау-кен ісі
  • 7М07202-Мұнай-газ ісі

Аталған рәсімді агенттіг тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар сараптау тобы жүзеге асырады. Комиссия төрағасы: Ақмалайұлы Кенжебек (Т.К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ). Шетелдік сарапшы: Любимов Игорь Ильич (Орынбор мемлекеттік университеті). KazSEE координаторы: Қойшыбайұлы Ерлан (KAZSEE Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы).

Сарапшылар: Сарсенбаев Ерлан Алиаскарович (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ), Курымбаев Саят Гайниевич (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Абеуов Еркебулан Айтуганович (Қарағанды техникалық университеті), Танирбергенова Салимаш Калимуллиновна (Бәйішев университеті), Бурханов Бақытжан Жамбылович (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Джумабаев Мурат Давлетович (Бәйішев университеті), Сеилханова Рахила Бексовна (Халықаралық қазақ-орыс университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Утегенов Серик Аюпович («АСУ ЭКО» ЖШС директоры). Сарапшы-Студент: Молдабай Ляззат Қуанышқызы (Бәйішев университеті).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.