Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті оқытушылары марапатталды

Жұбанов университеті оқытушылары марапатталды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен өткен шарада Жұбанов университетінің оқытушылары марапатталды.

«Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент Жайнагүл Қартбаеваға «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды.

Салтанатты жиында, сонымен қатар, ұстаздар арасында өткен инттеллектуалдық ойын турнирлерінің қорытындысы жарияланды.

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының жас оқытушысы Азамат Қайдаров 80-ге тарта педагогтың ішінен озып шығып, бірінші орынға ие болды. Оған Ақтөбе Облыстық кәсіподақ ұйымы төрайымы Раушан Серікқызы «Алғыс хат» және ақшалай сертификат табыстады.

Айта кету керек, Азамат Қайдаров республикалық турнирге жолдама алды.