Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2021 жылдың 17-18 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы тарапынан дәстүрлі (of-line) форматта мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген білім бағдарламалары:

  • 6В07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 6В07104-Экоэнергетика
  • 6В07201-Тау-кен ісі
  • 6В070202-Мұнай-газ ісі
  • 6В07207-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • 6В07301-Құрылыс
  • 7М06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 7М07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 7М07201-Тау-кен ісі
  • 7М07202-Мұнай-газ ісі

Аталған рәсімді KazSEE тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сыртқы сараптау комиссиясы жүзеге асырды. Комиссия төрағасы: Ақмалайұлы Кенжебек (Т.К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ). Шетелдік сарапшы: Любимов Игорь Ильич (Орынбор мемлекеттік университеті). KazSEE координаторы: Қойшыбайұлы Ерлан (KAZSEE Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы).

Сарапшылар: Сарсенбаев Ерлан Алиаскарович (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ), Курымбаев Саят Гайниевич (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Абеуов Еркебулан Айтуганович (Қарағанды техникалық университеті), Танирбергенова Салимаш Калимуллиновна (Бәйішев университеті), Бурханов Бақытжан Жамбылович (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті), Джумабаев Мурат Давлетович (Бәйішев университеті), Сеилханова Рахила Бексовна (Халықаралық қазақ-орыс университеті).

Сарапшы-жұмыс беруші: Утегенов Серик Аюпович («АСУ ЭКО» ЖШС директоры).

Сарапшы-Студент: Молдабай Ляззат Қуанышқызы (Бәйішев университеті).

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры, білім беру бойынша философия докторы (Ph.D.) Л.Ч.Карабасова мен университет проректорларымен аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың кесдесуінен басталды және құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет деканымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен кездесу-сұхбат рәсіміне жалғасты. Одан әрі агенттік сарапшылары университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға қатысты, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен,  ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта сұхбаттасты. Аталған кездесулерге ПО құрамынан 53 адам, 29 білім алушы, облыстың түрлі саласынан 15 жұмыс беруші мен аккредиттелетін мамандықтардың 20 түлегі қатысты. Сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының келесі практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарын көрді: «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе ғылыми-зерттеу геологиялық мұнай институты» АҚ, ArmWin Жел электрстанциясы (ЖЭС) Бадамша ЖШС, «НЕКТАР» өндірістік кооперативі, «СтройТехно» ЖШС, «A-TEXTILE» ЖШС Ақтөбе тігін фабрикасы.

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет ректоры, проректорлар және құрылымдық бөлім басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу  мерзімі алдағы уақытта өтетін KAZSEE Аккредиттеу кеңесінде анықталатын болады.