Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстандық ЖОО кітапханалардың жұмысын автоматтандырып, қайта жарақтандырып жатыр

Қазақстандық ЖОО кітапханалардың жұмысын автоматтандырып, қайта жарақтандырып жатыр

Қазақстандық жоғары оқу орындары кітапханалардың жұмысын автоматтандырып, қайта жарақтандырып жатыр. Бұл бағытта белсенді жұмыс студенттерге белгілі бір кітапты іздеу барысында ыңғайлы сервис ұсыну, сондай-ақ кітапханашыларға кітапхана қорымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы құрал жасау үшін жүргізіледі. Енгізіліп жатқан автоматтандырылған жүйелер оқырмандар санын арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Шәкәрім атындағы Университет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындары кітапханаларды әлемдік стандарттарға сай заманауи ақпараттық-танымдық, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және дамыту орталықтарына айналдырып отыр, — деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасы кітап іздеуде ыңғайлы қызмет көрсетеді.

Бұл үшін 3 400-ден астам кітап цифрландырылды, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 490 267 кітап штрих-кодпен толықтырылды. Электронды кітапхана Smart ARSU мобильді қосымшасына біріктірілген.

Жыл басынан бері 12 697 білім алушы электронды кітаптар қорын пайдаланды.

Жұбанов  университетінің кітап қоры бүгінгі күнге дейін 1 654 594 дананы құрайды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап  11 222 дана кітаптар мен электронды ресурстар сатып алынды.
Өткен жылы университеттің оқу корпустарының бірінде коворкинг орталығы бар жаңартылған кітапхана ашылды.