Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді

Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді

Бүгін Жұбанов университетінде Green Tal шеберханасының жетекшісі, әрі кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Әскеров ақтөбелік жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызын түсіндірді.

«3.2.1 Старт!» тренингі өңір жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік қызметті дамытуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, бизнес негіздерін үйренуге, жеке бизнес ашып, инновациялық идеяларды іске асыруға талпынған болашақ кәсіпкерлерге практикалық түрде көмек көрсетіп, кеңес беруді мақсат етті.

Аталмыш тренинг жастар бастамаларын қолдау жобасы аясында «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы заңды тұлғалар бірлестігімен ұйымдастырылып отыр.
Басқосуда Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы- Ректор Лаура Қарабасова тренерге құрмет білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан соң Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова студенттер мен жастарға бағытталып өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталса, Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев жастардың тың идеялары қоғамға серпіліс береріне сенім білдірді.

Басқосуда Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың нақты құралдары бағыттағындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Басқосу барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негізі және қоғамның осал топтарын жұмыспен қамту жайында теориялық және практикалық білім алды.
«Green TAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және ST ӘКМ тренері Эмин Әскеров біліктілігімен қуана бөлісіп, студенттерді жұмысқа орналастыру, бизнес және әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларына үйретіп, өзінің қуатты жобасы – мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмысқа орналасқаннан кейінгі олардың ынталы нәтежелері жайында кеңінен әңгімеледі.

Айта кетейік, Эмин Әскеров – әлеуметтік кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға арналған «Open World» бағдарламасының номинанты. (Калифорния, АҚШ 2015), әлеуметтік кәсіпкер және Green Tal әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жас сарапшылар клубының мүшесі.