Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қоңырау орнына күй ойнайды

Қоңырау орнына күй ойнайды

Ұлттық өнерге тың серпін! Жұбанов университетінде қарапайым қоңырау үні күмбірлеген күйге алмастырылды.

Күнделікті үзіліс кезіндегі қоңырауды күймен алмастыру — университет басқармасының отырысына қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылды. Отырысқа қатысушылардың шешімімен аталған білім ордасындағы сабақтар арасындағы үзілістің орнына қазақтың «Аққу» күйі таңдалды.

Отырысқа қатысушылардың пікірінше, университеттегі дәстүрлі қоңыраудың орнына күй ойнауы, білім алушыларға құлақпен жағымды қабылдап қана қоймай, сонымен қатар жас ұрпақты ұлттық дәстүрдің шеңберінде тәрбиелеуге тиімді әсер етеді.

Қоғамдық сананы жаңғырту әрбір азаматтың дүниетанымына байланысты. Десек те, ұлттың тамырдан ажырап, болмысын бұзып алмай, салт-дәстүріміздің озығын келер ұрпаққа жеткізу, ұлттық кодымызды насихаттау – азаматтық парызымыз.