Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Маңызды мәселелер қамтылды

Маңызды мәселелер қамтылды

Бүгін Жұбанов университетінде кураторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жиын куратор-эдвайзерлері мен кураторлар кеңесінің төрағаларының қатысуымен өткізіліп отыр.

Аталмыш жиын  куратор жұмысын цифрландыру: артықшылығы мен тиімділігі, тәрбие жұмысын қалыптастырудағы куратордың рөлі,  студенттердің жұмыс жасауға дайындығын қалыптастыру, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ)  мен адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы ауруларының алдын алу шараларының барысы, құқық бұзушылықтың алдын алу сынды өзекті  мәселелерге арналды.

Кеңеске  Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор  Есбол Мұханбетқалиев, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры, кураторлар кеңесінің төрайымы Қарылғаш Сатыбалдина және декан орынбасарлары, университеттің академиялық топтарының куратор-эдвайзерлері   қатысты.

Отырысты кіріспе сөзімен ашқан Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев куратор-эдвайзерлердің жұмыстарына оң бағасын берді.

Өз кезегінде кеңес  төрағасы Қарылғаш Сатыбалдина кураторлар тарапынан өткізілген шеберлік-кураторлық сағаттардың сараптамасын  баяндап, болашақтағы жоспарларын ұсынды.

Басқосу барысында  қатысушылар кураторлар жұмысының жағдайы туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар  мен міндеттерді талқылады.