Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет кітапханасының миссиясы

Университет кітапханасының миссиясы

Жұбанов университетінің ұжымы басқарма төрағасы Лаура Қарабасованың басшылығымен білім беруді трансформациялау бойынша оқытуды жалғастыруда.

Бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің сарапшылары Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасының 4.0 миссиясына назар аударып, кітапхана функцияларын, оның логистикасы мен кеңістігін құруда төмендегідей мысалдар келтірді:
✔ Электронды кітапхана: ашық ресурстар мен мәліметтер базасы, электронды кітапхана бойынша бейне нұсқаулықтар, ақпараттық сауаттылық бойынша модульдер;

✔ Психологиялық қолдау: психологиялық кеңес беру орталығымен ынтымақтастық, relax room ұйымдастыру;

✔ Инклюзия және кітапхана: ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған кітапхана ресурстарына қолжетімділік, нашар көретіндерге, есту қабілеті нашар адамдарға арналған көмекші технологиялар кабинеті және т.б.

✔ Отбасына қамқорлық: оқырман балаларға арналған зал, ана мен бала залы;

✔Жұбанов университеті ұжымы басшылықпен бірге білім беруді трансформациялау бойынша оқытуды жалғастыруда.

Бұл кітапханашыға жаңа құзіреттілік береді.