Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2021 жылғы 29, 30 қараша және 2 желтоқсан аралығында аралас форматта (on-line және of- line) өтеді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6В01504-Химия
  • 6В01505-Биология
  • 6В05101-Биология
  • 6В05201-Экология
  • 7М05101-Биология
  • 7М05201-Экология
  • 6В01404-Дене шынықтыру және спорт
  • 6В01506-География
  • 6B03101-Психология
  • 7М03101-Психология
  • 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық (6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану)
  • 6В01902-Арнайы педагогика (6В01901-Дефектология)

Аталған рәсімді агенттіг тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сараптау тобы жүзеге асырады. Комиссия төрайымы: Брацихин Андрей Александрович (Ижевск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, Ижевск қаласы, Ресей Федерациясының удмурт Республикасы). АРТА/IAAR координаторы: Ниязова Гүлияш Балкенқызы (ЖОО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу жөніндегі IAAR жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қ.).

Сарапшылар: Ливиа Нистор-Лопатенко (Молдова техникалық университеті, Кишинев қ., Молдова Республикасы), Верещагина Наталья Олеговна (Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті, Санкт-Петербург қ., РФ), Айберген Айкүміс Ильясқызы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Мадиева Галия Баянжанқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Камкин Виктор Александрович (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті), Нюсупова Гульнара Нурмухамедқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Сафаров Руслан Заирович (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Шкутина Лариса Арнольдовна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Абишева Нургуль Молдабайқызы (АҚ «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы«Өрлеу» «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалының директоры). Сарапшы-Студент: Аймурзиева Аружан Канатовқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Жанбырбай Нуржан Жатабекұлы (Қазақ спорт және туризм академиясы), Сарабек Назерке Ерікқызы (Ақтөбе гуманитарлық колледжі), Сейткалиев Жасулан Куттыгалиұлы (Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Абай атындағы).

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.