Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік студенттерді қайта қабылдау тәртібі

Шетелдік студенттерді қайта қабылдау тәртібі

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-дің «Білім алушыларын қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкес шетелдік ЖОО-дан магистратура және бакалавриат (жалпы орта білім беру базасында) бойынша білім алушылар өту емтиханын сәтті тапсырғаннан кейін қабылданады.

Шығармашылық мамандықтар бойынша өту емтиханы Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-де бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 3-қосымшаға сәйкес шығармашылық нысанында өтеді. Шығармашылық емтихандар келесідей бағаланады: 1-шығармашылық емтихан  — 45 балл, 2-шығармашылық емтихан — 45 балл. Барлығы — 90 балл. Педагогикалық мамандықтар үшін емтихан нәтижелері бойынша өту балы – кемінде 48 балл, педагогикалық емес мамандықтар үшін – кемінде 31 балл (оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс).

Шығармашылық емес мамандықтар бойынша өтетін емтихан ақылы негізде (бакалавриат үшін – 2917 тг, магистратура үшін – 3500 тг) өңірлік тестілеу орталығында өткізіледі. Төлемді 4-қосымшаға сәйкес Каспи қосымшасы арқылы төлеуге болады. Бакалавриат үшін тестілеу 1 — қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының екі бейіндік пәні бойынша, магистратура үшін тестілеу 2-қосымшаға сәйкес шетел тілі және бір бейіндік пән бойынша өткізілетін болады.

Бакалавриат үшін тест тапсырмасы 70 сұрақтан тұрады (әр пән бойынша 35 сұрақ), ең жоғары балл – 90 балл, магистратура үшін шет тілі бойынша – 50 балл, оқуға дайындық тесті – 30 балл, 1 бейіндік пән бойынша – 30 балл, 2 бейіндік пән – 40 балл, ең жоғары балл — 150 балл. Педагогикалық мамандықтар үшін бакалавриаттың тестілеу нәтижелері бойынша өту балы – кемінде 48 балл, педагогикалық емес мамандықтар үшін – кемінде 31 балл (оның ішінде: әрбір пән бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс); магистратура үшін 75 балл (оның ішінде: шет тілі бойынша кемінде 25 балл, бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл болуы тиіс) құрайды.

Білім алушыларды тестілеуге кіргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ олардың ғимаратқа тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, гаджеттер, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер) алып кіруіне жол бермеу үшін металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталған жағдайда кезекшілер ғимараттан шығару туралы Акт жасайды.

 

Өту емтиханын тапсыру үшін:

— 2.12.2021 ж. бастап 15.12.2021 ж. дейін Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің студенттерге қызмет көрсету орталығына (СҚКО) келіп өту емтихандарын тапсыру үшін өтініш беру (өзімен бірге жеке куәлігі және көшірмесі болуы тиіс);

— университет сайтында және әлеуметтік желілерде шығармашылық емтихандардың кестесі мен тестілеу күні жарияланады.

 

Өту емтиханын сәтті тапсырған жағдайда СҚКО-ға құжаттармен келіп, SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру қажет. 1-3 курстар 20.01.2022 жылға дейін, 2 курс 13.01.2022 жылға дейін, 3 курс пед.мамандықтар 06.01.2022 ж. дейін, магистратура бойынша 13.01.2022 ж. дейін  қабылданады.

SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға өтініш беру:

  • «SMART ARSU» мобильді қосымшасын Play market / App store-дан жүктеу;
  • «ҚОНАҚ» рөлінде тіркелу;
  • «СҚКО Темірқазыққа» кіру;
  • «ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ» таңдау;
  • көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және ЖІБЕРУ;
  • өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
  • өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
  • бухгалтерлік есеп бөлімінің жауабы шыққаннан кейін, ПІКІРДЕ (комментарий) көрсетілген оқу ақысы мен пән айырмашылығының ақысын төлеп, 2 түбіртектің көшірмесін алып келіп келісімшартқа отыру.

 

Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті  құжаттар  тізімі:

  • білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
  • академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
  • оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • оқуға түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме;
  • ЖОО-ның лицензиясының  көшірмесі;
  • ф-№ 075У үлгідегі  медициналық  анықтама;
  • Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

 

Туындаған сұрақтар бойынша 87132562896 нөміріне хабарласу.

Temirkazyk2017@mail.ru

Zhubanov_magistratura@mail.ru

@arsu_temirqazyq

 

 осымша 1

 

Тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізімі

     

Дайындау бағытының атауы және нөмірі Білім беру бағдарламалары тобы Бейіндік пәндер
1 бейіндік пән 2 бейіндік пән
В001 Педагогика және психология Биология География
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Биология География
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Биология География
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В009 Математика мұғалімдерін даярлау Математика Физика
В010 Физика мұғалімдерін даярлау Физика Математика
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау Математика Физика
В012 Химия мұғалімдерін даярлау Химия Биология
В013 Биология мұғалімдерін даярлау Биология Химия
В014 География мұғалімдерін даярлау География Дүниежүзі тарихы
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау Дүниежүзі тарихы География
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Қазақ тілі Қазақ әдебиеті
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Орыс тілі Орыс әдебиеті
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау Шетел тілі Дүниежүзі тарихы
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау Биология География
В020 Арнайы педагогика Биология География
В028 Хореография Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В031 Сән, дизайн Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В034 Тарих және археология Дүниежүзі тарихы География
В036 Аударма ісі Шетел тілі Дүниежүзі тарихы
В037 Филология Қазақ/Орыс тілі Қазақ/Орыс әдебиеті
В041 Психология Биология География
В044 Менеджмент және басқару Математика География
В045 Аудит және салық салу Математика География
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі Математика География
В049 Құқық Дүниежүзі тарихы Құқық негіздері
В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар Биология Химия
В051 Қоршаған орта Биология География
В052 Жер туралы ғылым Математика География
В053 Химия Химия Биология
В054 Физика Физика Математика
В055 Математика және статистика Математика Физика
В057 Ақпараттық технологиялар Математика Физика
В060 Химиялық инженерия және процестер Химия Физика
В062 Электр техникасы және энергетика Математика Физика
В063 Электр техникасы және автоматтандыру Математика Физика
В065 Автокөлік құралдары Математика Физика
В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі Биология Химия
В069 Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) Математика Физика
В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары Математика Физика
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика Физика
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика Физика
В091 Туризм География Шетел тілі
В092 Тынығу Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
В095 Көлік қызметтері Математика География

 

Қосымша 2

 

    Кешенді тестілеу пәндері көрсетілген білім беру бағдарламаларының тізімі
Білім беру бағдарламасының атауы     Кешенді тестілеу пәндері
1  пән 2 пән 3 пән 4 пән
1 7М01101-Психология және психология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагогика Психология
2 7М01103-Педагогикалық өлшемдер Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті

Педагогика

 

Психология
3 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Мектепке дейінгі педагогика Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
4 7M01301-Бастауыш оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті

Педагогика (бастауыш мектеп үшін)

 

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
5 7M01404-Дене шынықтыру және спорт Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагоги ка Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
6 7M01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагоги ка Көркем еңбек, графика және жобалау әдістемесі
7 7M01501-Математика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Математика Математиканы оқыту әдістемесі
8 7M01502-Физика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Жалпы физика Физиканы оқыту әдістемесі
9 7M01503-Информатика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Бағдарламалау Информатиканы  оқыту әдістемесі
10 7M01504-Химия Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Химия Химияны  оқыту әдістемесі
11 7M01505-Биология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Биология Биологияны  оқыту әдістемесі
12 7M01506-География Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті География Географияны  оқыту әдістемесі
13 7M01601-Тарих Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Қазақстан тарихы Тарихты  оқыту әдістемесі
14 7M01701-Қазақ тілі мен әдебиеті Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагогика Қазақ тілін  оқыту әдістемесі
15 7M01704-Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагогика Орыс тілін  оқыту әдістемесі
16 7M01706-Шетел тілі: екі шетел тілі Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)
17 7M01901-Арнайы педагогика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Арнайы педагогика Инклюзивті білім беру
18 7M02201-Тарих Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Қазақстанның ежелгі және ортағасырлы тарихы Археология негіздері
19 7M02302-Аударма ісі Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Аударма теориясы Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)
20 7M02303-Шетел филология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Тіл теориясының негіздері Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
21 7M02304-Филология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Қазіргі қазақ тілі Қазіргі қазақ әдебиеті
22 7M03101-Психология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Жалпы психология Даму психологиясы
23 7M04101-Экономика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Экономикалық теория Макроэкономика
24 7M04106-Маркетинг Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Экономикалық теория Макроэкономика
25 7M04104-Финансы Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Экономикалық теория Макроэкономика
26 7M04201-Құқықтану Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Мемлекет және құқық теориясы Ситуациялық кейс  (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
27 7M05101-Биология Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Клетка биологиясы Ботаника
28 7M05301-Физика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Механика Молекулалық физика
29 7M05401-Математика Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Математикалық анализ Жалпы химиялық технология
30 7M06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Алгоритмдер және деректер құрылымы Деректер базасы
31 7M06102-Ақпараттық жүйелер Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Алгоритмдер және деректер құрылымы Деректер базасы
32 7M07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Машина бөлшектері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
33 7M07102-Органикалық заттардың химиялық технологиясы Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Бейорганикалық химия Жалпы химиялық технология
34 7M07202-Мұнай газ ісі Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы
35 7M07201-Тау кен ісі Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Тау-кен өндірісінің негіздері Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы
36 7M07203-Металлургия Ағылшын тілі Оқуға дайындық тесті Металлургиялық процесстердің теориясы Жалпы металлургия

 

  Қосымша 3

Шығармашылық дайындықты талап ететін ББТ тізімі

 

ББТ

нөмірі

ББТ атауы 1-шығармашылық емтихан 2-шығармашылық емтихан
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Мамандандыру бойынша нормативтер Жалпы дене дайындығы бойынша нормативтер
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Орындаушылық өнер Жалпы музыкалық қабілеттерін көрсету
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Сурет (гипстен жасалған адамның бет маскасының суреті)

Кескіндеме (натюрморт)

 

В028 Хореография Орындаушылық шеберлік Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша практикалық жұмыс
В031 Сән, дизайн

Реферат немесе өнер жобасының тұсаукесері

Сурет, кескіндеме

Коллоквиум Композиция немесе сызу
В092 Тыныу

Орындаушылық шеберлік

 

Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

 

Қосымша 4