Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > Университеттің кітапхана қорына құнды оқулықтар қосылды

Университеттің кітапхана қорына құнды оқулықтар қосылды

Бүгін университет Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі тарту еткен кітаптарды оқу орнының ғылыми кітапханасы қорына табыстады. Ол кітаптар —  Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі және Жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар монографиясы.

Университет басшысы жоғары білім мен ғылымды дамытуға арналған бұл еңбектердің құндылығын атап өтті.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша Қазақстандағы тұңғыш қолданбалы монографиялардың  бірін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірлеген. Бұл кітапта осы салада жеткілікті тәжірибеге ие кәсіби сарапшылар заманауи  тәжірибелік тәсілдерімен бөліседі.

Ғылымды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі» Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық қоғамымен бірлесе әзірленген. Жергілікті және халықаралық қолданыстағы тәжірибені сараптай отырып, Қазақстан білім зерттеу жағдайына бейімделген әдеп түсініктемелері, қағидалары мен нормалары біріктірілген еліміздегі ең алғашқы тың еңбектердің бірі.

Аталған еңбектер енді Жұбанов университеті кітапханаларында қол жетімді. Бұл оқулықтар әсіресе, жас зерттеушілер үшін таптырмас құрал болмақ.