Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Магистрлік және PhD бағдарламалар менеджменті тақырыбы талқыланды

Магистрлік және PhD бағдарламалар менеджменті тақырыбы талқыланды

Бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында педагогтар мен ғалымдар магистрлік және PhD бағдарламалар менеджменті тақырыбын талқылады.

Назарбаев Университетінің Rita Kasa және Ali Ait Si Mhamed сарапшылары академиялық ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын, ғылыми журналдардағы жарияланымдардың ережелерін және зерттеу процесінде білім алушылар тап болуы мүмкін проблемаларды атап өтіп, зерттеу процесінің моделін сипаттауға егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу барысында студенттерге жасалатын жағдайлар, бакалавриат студенттері үшін академиялық жазу дағдыларына оқыту орталықтарын құру қажеттілігі жайында айтылды.