Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастарға жол сілтейтін Темірқазық

Жастарға жол сілтейтін Темірқазық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дəуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Елбасы Тəуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктері ретінде қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрғанымызды, сындарлы саясат жүргізіп, əлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырғанымызды, əлем картасында егемен еліміздің ойып тұрып орын алғанын айта келіп, «ең бастысы, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тəуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды», деді.

Атаулы отыз жылда дүниеге келген 9,5 миллионнан астам ұрпағымызды «көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын» дей келе, Нұрсұлтан Назарбаев оларға «Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мəңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия» деп аманат етті. Отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы өзінің жас ұрпақ қа жолдаған үндеуінде «Елдіктің жеті тұғыры» ретінде келесі міндеттерді айтты: «Тəуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дəстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мəдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті», «Прагматизм – бəсекеге қабілетті болудың кепілі».

Қағидаттар жиынтығы туралы тарқатып айтар болсақ, тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – əрбір қазақстандықтың міндеті. Ал Тəуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту. Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін əрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет.

Екіншіден, «этникалық əралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. Бір шаңырақтың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының əлеуеті зор». Бұл ретте «Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – əр азаматтың парызы» екендігіне Елбасының, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жолдаулары мен алқалы жиындарда сөйлеген сөздерінде баса назар аударылып келеді. Сондықтан бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады.

Үшіншіден, еліміз бен ұлан-байтақ жеріміз – халқымыз үшін тұтас ұғым. Тəуелсіздік жылдарында шекарамызды құжат жүзінде бекітуге орасан зор күш жұмсалды. Сондықтан «ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз».

Ата дəстүрімізде отбасы құндылығын ардақ тұтатын елміз, яғни «отбасы мен салт-дəстүр – қоғамның алтын діңгегі, отбасы – ұрпақ тəрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт». Елбасының жас ұрпаққа айтар келесі қағидаты – саналы ұрпақ тəрбиелеу үшін елдік болмыстың өзегін сақтай білу.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жəне «Ұлы даланың жеті қыры» туралы бағдарламалық мақалаларында руханият мəселелерін тереңнен толғаған болатын. Ұлы дала мəдениетін мирас еткен рухани-мəдени мұраларға бай халық ретінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу – жаһандану дəуіріндегі басты міндеттердің бірі. Сол себепті Елдіктің келесі тұғыры – ұлттық мінез, асқақ рухпен мəдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білу.

Алтыншыдан, «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай айтқандай, қазіргі жүзжылдық – білімділер заманы. Сондықтан елімізде талантты əрі дарынды, алғыр да өжет жастар Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеясындағы эволюциялық даму, ортақ жауапкершілік, өзара серіктестік, ынталандыру мен кəсі билікке ұмтылудан тұратын бес принципке сүйене отырып алға басуы керек. Себебі табыстың кілті – үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде.

Тəуелсіз еліміздің басты стратегиялық мақсаты айқын – əлемдегі ең дамыған жетекші отыз елдің қатарына ену. Бұл үшін «қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нəтижелі жұмыс атқаруға жəне көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізу ге тырысуымыз керек». Бұл ретте Ұлт лидері «прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайда ла нуға талпынған жөн», деп атап көрсетті.

Елбасы ұсынған Елдіктің жеті тұғырына сүйене отырып, біз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мəдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз!

Ұстаздар əулетінен шыққан, ширек ғасыр дан астам білім беру саласын да еңбек етіп келе жатқан ұстаз əрі көпбалалы ана, жастармен жұмыс жасап жүрген қоғам белсендісі ретінде айтарым, жас ұрпаққа жəне балаларымызға артылып отырған осынау ұлы міндет – тəрбие тағылымына айналары сөзсіз. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күштi қанатты» (М.Жұмабаев) жалынды жастарымыздың рухы асқақ, ойы озық, білімі жоғары болуы үшін оларды қолдау мақсатындағы сындарлы саясат негізінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.

Ұлық мерекеміз – ел Тəуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында айтылған Елбасының аталы сөзі – жасампаз еліміздің болашағы жастардың адастырмас темірқазығы, жол сілтер бағдаршамы!

 

Мира БАЛТЫМОВА,

Ақтөбе қалалық мəслихатының депутаты,

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ бас ғылыми хатшысы,

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

 

/egemen.kz/