Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды

Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Бұл ретте бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында педагогтар мен ғалымдар  Білім беру процесін цифрландыру (технологиялар және бағдарламалық өнімдер) туралы  тәжірибелерімен бөлісті.

Басқосу барысында қатысушылар  оқытушылар мен білім алушылар арасындағы заманауи білім беру мәселелерін талқылап, білім беру саласының дамуы бойынша кейбір деректерді алға тартты.

Семинарға қатысқан баяндамашылар  цифрлық университет алдында тұрған қазіргі заманғы бағыттар мен міндеттер туралы өз пікірлерімен бөлісіп, цифрландырудың артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктері туралы баяндады.