Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Польшада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

Польшада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

Қазіргі уақытта Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Жұбанов университеті студенттері басқа да жоғары оқу орындарының білім алушыларымен бірге «Қазақстан халықаралық аренада: мүмкіндіктері, болашағы, тәжірибесі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел «Qazaq Eli» мәдени орталығы базасында өтті.

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға және мерекемен кездесуге қатысушыларды Быдгощ қаласының Экономика университетінің ректоры, Словакия мен Украина консулдары құттықтады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  университеті студенттері өздерінің жоғары оқу орындарын таныстырды. Қазақстандық жастар алдындағы көптеген мүмкіндіктер жайында айтты. Тіпті Жұбанов университетінің әнұранын да шырқады.

Жұбанов университетінің магистранты Айбек Қамзенов «Елбасы: металлургтен  әлемдік көшбасшыға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Шараны Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінің студенті Әйгерім Сафиева жүргізді.

Кездесуді онлайн режимде барлық адам көре алды.