Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «START UP-2017» ғылыми жобалар байқауы бастау алды

«START UP-2017» ғылыми жобалар байқауы бастау алды

Қараша айының алғашқы күнінен басталған байқаудың 1-ші іріктеу кезеңі өткізіліп, университет кафедралары ұсынатын жобаларының тізімін анықтады. «START UP-2017» ғылыми жобалар байқауының бір ерекшелігі оған қатысушылар санатына шек қойылмайды. Ұстаздарымен бірге студенттердің, магистранттардың да, сонымен қатар докторанттардың да байқауға қатысуларына мүмкіндіктері бар. Байқаудың мақсаты – ғылыми зерттеушілердің инновациялық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту. Сондықтан жоба қорғаушыларынан күтілетін басты нәтиже идея ерекшелігі.

Осы тараптан көрінген 45 жоба енді қарашаның 24-не дейін факультеттердегі сарапшылар сұрыбынан өтетін болады. Ал желтоқсанның 4-і шешуші кезең. Барлық кезеңнен өткен қатысушылар өз жобаларын университет көлемінде қорғап шығады.

Байқауды ғылым және инновациялық бағдарламалар департаменті ұйымдастырып отыр.