Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тілдік деңгейін көтерді

Тілдік деңгейін көтерді

Қазіргі уақытта Жұбанов университетінің  ағылшын тілінің оқытушылары CELTA дайындық курсынан өтуде. Дайындық курсында филологтар төрт апта бойы өз шеберліктерін шыңдайды. Курсты аяқтағаннан кейін олар халықаралық деңгейдегі тілдік мектептердегі жалпы стандартқа сай сертификатты ала алады.

CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults) – бұл ересектерге арналған ағылшын тілі оқытушысының біліктілігін растайтын, халықаралық деңгейде  танылған сертификат. Ол оқытушының Қазақстанда да, шетелде де мансаптық өсуіне үлкен әсерін тигізеді.

CELTA курсын 1970 жылы Кембридж университеті әзірлеген. Курсты ашу ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға байланысты жүзеге асты. Бұл үрдіс жаһандану және өмірдің барлық салаларында халықаралық өзара даму жүйесімен байланысты.