Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көптілді білім берудің ерекшеліктері айтылды

Көптілді білім берудің ерекшеліктері айтылды

Академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторларының бірі болып табылады. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде көп тілді білу қажеттігі туындап отыр.

Бүгінгі Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында өткен дәрісте оқытушылар мен ғалымдар осы көптілді білім беру мәселесін талқылады. Сонымен қатар академиялық бағдарламаларды әзірлеу мәселелеріне тоқталды.

Қауымдастырылған профессор Бриджид Гудман тіл саясаты, тілдік жоспарлау жайындағы тәжірибесімен бөлісті. Дәріске қатысушылар білім берудегі халықаралық тіл – ағылшын тілін білім алушылардың меңгеруі, бірнеше тілде сабақ беру, өзге мемлекеттер мен елдердің ұлттық мәдениеті мәселесі төңірегінде пікірлерімен бөлісті.