Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2021 жылдың 29 қараша – 2 желтоқсан аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 12 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан аралас форматта (on-line және of-line) мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген білім бағдарламалары:

v 6В01504-Химия

v 6В01505-Биология

v 6В05101-Биология

v 6В05201-Экология

v 7М05101-Биология

v 7М05201-Экология

v 6В01404-Дене шынықтыру және спорт

v 6В01506-География

v 6B03101-Психология

v 7М03101-Психология

v 6В01801-Әлеуметтік педагогика және тьюторлық (6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану)

v 6В01902-Арнайы педагогика (6В01901-Дефектология)

Аталған рәсімді АРТА тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сыртқы сараптау комиссиясы жүзеге асырды. Комиссия төрайымы: Брацихин Андрей Александрович (Ижевск мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, Ижевск қаласы, Ресей Федерациясының удмурт Республикасы).

Сарапшылар: Ливиа Нистор-Лопатенко (Молдова техникалық университеті, Кишинев қ., Молдова Республикасы), Верещагина Наталья Олеговна (Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті, Санкт-Петербург қ., РФ), Айберген Айкүміс Ильясқызы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Мадиева Галия Баянжанқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Камкин Виктор Александрович (С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті), Нюсупова Гульнара Нурмухамедқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Сафаров Руслан Заирович (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Шкутина Лариса Арнольдовна (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Сарапшы-жұмыс беруші: Абишева Нургуль Молдабайқызы (АҚ «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы«Өрлеу» «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалының директоры). Сарапшы-Студент: Аймурзиева Аружан Канатовқызы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Жанбырбай Нуржан Жатабекұлы (Қазақ спорт және туризм академиясы), Сарабек Назерке Ерікқызы (Ақтөбе гуманитарлық колледжі), Сейткалиев Жасулан Куттыгалиұлы (Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Абай атындағы).

АРТА/IAAR координаторы: Ниязова Гүлияш Балкенқызы (ЖОО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу жөніндегі IAAR жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қ.)

Сыртқы сарапшылардың университет проректорларымен және құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен on-line сұхбаттасу жүргізілді. Университеттің материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағдарламаларын визуалды аралау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға zoom платформасы арқылы қатысты, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта on-line сұхбаттасты. Оn-line сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының келесі практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарын көрді: Жаңа орта мектеп, Қалалық Жас натуралистер станциясы, Ақтөбе өңірлік карантиндік зертханасы, Ұ. Құлымбетов атындағы №64 ОМ.

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет басшылары мен құрылымдық бөлім басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу мерзімі алдағы уақытта өтетін АРТА Аккредиттеу кеңесінде анықталатын болады.