Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті тақырыптар арқау болды

Өзекті тақырыптар арқау болды

Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында өтіп жатқан дәрістер жалғасын табуда. Бүгін оқытушылар мен ғалымдар «Академиялық бағдарламаларды әзірлеу, аралас оқыту форматы» және «Кадрлық трансформация HR: менеджмент тиімділігі» тақырыптарын талдады.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Аралас оқыту, яғни «Blended learning» студенттерді алдымен желіде өз бетінше жұмыс істеуге шақырады.

Қауымдастырылған профессор Джанет Хелмер дәрісінде күндізгі және онлайн оқыту форматтарының айырмашылығы, бағдарламаларды әзірлеу, жобаны жүзеге асыруда көрсетілетін қолдау туралы кеңінен тоқталды. Дәріске қатысушылар аралас оқыту форматының Жұбанов университетінде жүзеге асу барысы, мүмкіндіктері мен тиімділігін талқылады. Университет ғалымдары аралас оқытуды жолға қою білім алушыларға оң нәтиже беретіні жайында айтты.

Келесі дәрісте қатысушылар кадрлық трансформация HR жайында көптеген мәліметтер алды. Қызметкерлерді іріктеу үдерісінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын сақтау, корпоративтік мәдениетті дамыту, кадрлық қызметті ұйымдастырудың озық тәжірибелерін енгізу туралы кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар HR бағыттары бойынша ұжымды дамытудың тиімділігі, жаңа HR үлгісін енгізу, адам ресурстарын басқару саласында топ-менеджерлердің көшбасшылық әлеуетін дамыту, белсенді оқыту, тәлімгерлікті жетілдіру секілді бастамалар айтылды.