Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша оқытудан өтті

«Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша оқытудан өтті

Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылар құрамы «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша оқытудан өтті. Оның құрамында Жұбанов университеті тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Ізбасарова және «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жанар Сартабановалар бар.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Білім министрлігі жобасының екінші кезеңі HAMЕ қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) және Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен 16-26 қараша аралығында өтті.

Мұнда оқытушылар параллельді және дәйекті педагогикалық білім берудің фин моделін зерттеп, педагогикалық білім алу үшін студенттерді іріктеу және ғылыми зерттеулерге негізделген педагогикалық білім беру тәжірибесімен танысып, Финляндия мектептерін аралады.

Алынған білім негізінде жобаға қатысушылар Жұбанов университетінің оқытушыларына арналған әдістемелік семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Олардың алғашқысы 6 желтоқсанда тарих факультетінің базасында «Педагогикалық кадрларды дайындаудағы фин моделінің ерекшеліктері» тақырыбымен өтеді.