Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет экологтары ерекше қорғалатын табиғи аумақты құруға бастамашылық жасады

Университет экологтары ерекше қорғалатын табиғи аумақты құруға бастамашылық жасады

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру көптеген экологиялық мәселелерді шешудің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Жұбанов университетінің оқытушылары «Ақтөбе қаласының аумағындағы «Қарғалы» жергілікті табиғи резерватының ерекше қорғалатын аумақтарын табиғи-ғылыми негіздеуді дамыту» жобасына бастамашы болды. Бұл жобаны Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бекітті.

Биология ғылымдарының кандидаты Ақылжан Телеуов пен PhD, аға оқытушы Үмбетәлі Сәрсембин ұсынған аумақ табиғи алғышарттарды қорғау үшін биотикалық және ландшафттық алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бұл Қарғалы өзенінің «Чайка» шипажайының маңындағы алқап. Ғалымдардың пікірінше, ендік-аймақтық ерекшеліктерге сүйене отырып, әртүрлі ерекше табиғи нысандар, экожүйелер, популяциялар, сондай — ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерге жататын өсімдіктер ұсынылған. Экология кафедрасының қызметкерлері аумақтың экожүйесін екі жыл бойы зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген.

Жаңа «Қарғалы» ерекше қорғалатын аймағын құру және жекелеген аймақтарды табиғи ресурстарды пайдаланудың арнайы режимдерін белгілеу Ақтөбе қаласының шегіндегі табиғи аумақтың биологиялық, ландшафтық әртүрлілігін сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етуге көмектеседі.