Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кітапхана үзіліссіз жұмыс жасайды

Кітапхана үзіліссіз жұмыс жасайды

Студенттер үшін маңызды кезең саналатын сессия уақыты да басталуға жақын. Осы ретте білім алушылар үшін Жұбанов университеті жақсы бастаманы қолға алды.

Бүгіннен бастап Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасы сессия уақытында 24/7 сағат үзіліссіз оқырмандарға қызмет көрсететін болады. Енді кез келген уақытта, тіпті түнде де емтиханға қажет кітабыңды немесе ақпарат алуға кітапханаға келе аласың. Алдағы мереке күндері, яғни 16 желтоқсан мен 19 желтоқсан аралығында да кітапхана есігі сіздерге ашық. Бұл кездердегі жұмыс уақыты 8.00-ден 20.00-ге дейін болмақ.

Атап өту керек, бұл қызмет тек Мұхтар Арын атындағы бас оқу ғимаратындағы кітапханада жүзеге асады.