Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Ой бөлісіп, тәжірибе алмасты

Ой бөлісіп, тәжірибе алмасты

Бүгін Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде оқыту аясында педагогтер мен ғалымдар білім беру саласындағы оқыту бағдарламалары жайында тәжірибелерімен бөлісті.

Қауымдастырылған профессор Дуйшон Шаматов және экономика ғылымдарының кандидаты Зумрад Катаева білім беру саласындағы магистратура бағдарламаларына тоқталды. Ондағы негізгі пәндер мен элективті пәндердің айырмашылығы, зерттеу әдістері, ағылшын тілі, кәсіби бағытқа арналған қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша талқылады.

Сонымен қатар көптілді білім беру саласындағы магистратура бағдарламасы шеңберінде оқытуды дамытуға, оқу жоспарларын әзірлеуге, жалпы білім берудегі тіл саясаты саласындағы талдау мен зерттеу дағдыларын бағалауға басты назар аударылатыны айтылды.

Өз кезегінде Жұбанов университетінің оқытушылары да студенттерге арналған силлабус бағдарламасы туралы тәжірибелерін ортаға салды. Университетте оқыту жүйесі шеңберінде жасалған бағдарламаның артықшылықтары мен тиімді тұстары талқыланды.