Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады

«Art House» шығармашылық бірлестігінің студенттері ерекше қажеттіліктері бар балалардың өміріне бояулар қосты. Еріктілер «Аяла»балалар оңалту орталығының қабырғаларын бояп, түрлі түстермен суреттер салды.

«Art House» студенттік клубының жетекшісі Лия Өмірзақованың айтуынша, бұл балалар үшін баға жетпес тәжірибе болды. «Аталмыш шара бізге қабырғаларды бояу дағдыларымызды дамытуға көмектесті. Дегенмен ең бастысы, балалардың қуанышты жүздерін көру бізге жағымды әсер қалдырды. Біздің жұмыс барысында олар сыртымыздан сурет салу процесін бақылап, өзара талқылап жатты. Ашық түстерге толы ғимарат оларға өздерін бақытты сезінуге септігін тигізеді деп үміттенемін» , — дейді ол.

Қабырғаларға сурет салу жобасы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 игі іс» акциясының жалғасы. Жұбановшыларға еңбектері үшін оңалту орталығының ұжымы, науқастармен, олардың ата-аналары үлкен алғыс білдірді. Сонымен бірге олар Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен «Аяла» балаларды оңалту орталығының бас дәрігерінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.